top of page
Search

Ойдене Спаррингі




Спарринг – спортшыны жарысқа жан-жақты дайындау мақсатында жаттығу жекпе-жегі. Бұл іс-шара жарыстардың қарапайымдалған дайындық түрі болып табылады. Жарыстан көрермендердің, қатты соққылардың, құжаттамалардың және жеңімпаздардың болмауымен ерекшелінеді.


Спаррингтің мақсаты - бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Төзімділікті, күшті, ептілікті және жылдамдықты дамытады. Олар спортшыларға физикалық дағдыларын динамикалық және бәсекелестік ортада қолдануға, спортшыларға техникалық дағдыларын нақты жағдайда шыңдауға мүмкіндік береді.Спарринг барысында спортшылар тез шешім қабылдауға, өзгеретін ортаға бейімделуге және қарсыластың әрекетін болжауға мәжбүр. Бұл олардың тактикалық ойлау қабілетін дамытады. Спаррингтен кейін өткен жекпе-жектерге талдау жасалады, бұл спортшылар мен жаттықтырушыларға күшті және әлсіз жақтарын, қателіктері мен жақсартуларын анықтауға мүмкіндік береді.


Қатысушы спортшылар белгіленген уақытта бір жерде жиналады. Жаттықтырушылар спортшының жасына, жынысына, салмағына және белбеу деңгейіне қарап топтарға бөледі. Қауіпсіздік спаррингте шешуші рөл атқарады. Бөлінген топтардағы қатысушылар бір-бірімен жарыс ережесіне сай жарақат алу қаупін азайту үшін қолғап, дулыға, денені қорғау сияқты қорғаныс құралдарын пайдаланады.  Кем дегенде 2 төбелес болады. 


Нағыз жарыстан  төреші спортшылар деңгейінің әртүрлі екенін көрген кезде жекпе-жекті тоқтуымен және жеңімпаздың анықталмауымен ерекшелінеді.


 
 
 

Comments


bottom of page