top of page

Наурыз мейрамы 2026

Updated: 3 days ago

24-наурыз күні «Ойдене-Файт» спорт клубында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Бұл күн – бірлік пен жаңарудың, ұлттық дәстүр мен рухтың мерекесі ретінде ерекше атмосферада өтті.


Іс-шара барысында ұлттық ойындарға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар асық ату, қазақша күрес, арқан тарту, ләңгі секілді дәстүрлі ойындарға белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Әр ойын балалардың ептілігі мен шапшаңдығын арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.


Мерекенің көркін қыздырған тағы бір сәт – жайылған кең дастархан болды. Дастархан басында ата-аналар мен балалар жиналып, бір-біріне жылы тілектерін білдіріп, шынайы қуаныш пен татулықтың үлгісін көрсетті.


Аталған іс-шара «Ойдене-Файт» клубының тек спорттық бағытта ғана емес, сонымен қатар ұлттық тәрбие мен бірлікті нығайту жолында да маңызды орын алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.https://youtube.com/shorts/8A4lOQGS

Comments


bottom of page